өнімді өндіру және жеткізу

Vitamin шырындары – Керуен агрофирмасының өз бағында өсірілген алмадан жасалатын, қант пен су қосылмаған, табиғи және тікелей сығылған шырындар. Өзіміздің шикізатты пайдалану – алманы өсіруден бастап шырынды бөтелкеге құюға дейінгі бүкіл өндіріс процесін бақылауға және өнім сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жемістерді сығу процесі – тікелей сығылған шырын машиналарын шығаруда көшбасшы саналатын австриялық Kreuzmayr компаниясының жабдықтарында жүзеге асырылады. Барлық Vitamin өнімдері балғындықты ұзақ сақтайтын әрі ыңғайлы тұтынуға арналған Bag-in-Box қаптамасында және шыны бөтелкеде ұсынылады. Тікелей сығылған шырындардың құрамында: С, Е, РР дәрумендері, В тобының витаминдері, сондай-ақ бор, мыс, темір, калий, мырыш, магний сияқты макро- және микроэлементтер бар. Шырын құрамындағы ферменттер асқазанға түсетін жүктемені азайтуға және тағамды жақсы қорытуға көмектеседі, ал пектиндер асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады.

Алматы облысы, Қарасай ауданында

Illustration
Illustration
Illustration