"Керуен" ЖШС 1999 жылы құрылды. Өз қызметін медицина, коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарын салу және жалға беруден бастаған компания бүгінде Қазақстан экономикасының мына салаларында табысты жұмыс істейді: медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер
девелопмент
Біздің міндетіміз — серіктестерімізге біздің Бизнес-орталықтарымызда жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоғары деңгейдегі қызмет көрсету.
Біз клиенттер базасын кеңейтіп, әрбір клиентпен сенімді әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға ұмтыламыз
медицина
"Керуен-Medicus медициналық орталықтарының басты мақсаты – әрқашан жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету және пациенттерге барынша жайлылық ұсыну.Сіздің денсаулығыңыз – біздің басты қамқорлығымыз!""Керуен-Medicus" ЖШС Бақылау кеңесінің төрайымы Абдуллаева Г.А.
ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласындағы табысты жұмысымыздың арқасында біз серіктестерімізді Керуен агрофирмасы өз өндірісінен шығарылатын, экологиялық таза және жоғары сапалы ECO өнімдермен қамтамасыз етіп келеміз.Vitaminа сауда белгісімен өндірілетін табиғи шырындар — қант пен су қоспай, тікелей сығу әдісімен дайындалады. Сонымен қатар, повидло мен тосап өнімдері де шығарылады.Біз өндіретін барлық өнімдер құрамында дәрумендерге, макро және микроэлементтерге бай
тамақтану қызметтері
Біздің Keruen-Medicus медициналық орталықтарындағы пациенттер мен қызметкерлерді дәмді және пайдалы тағаммен қамтамасыз ету үшін, біз 2014 жылы Keruen Food сауда белгісімен жаңа бағытты іске қостық. Жылдар бойы біз өз клиенттерімізбен сенімді қарым-қатынас орнаттық! Сәтті дамып келе жатқан біздің аспаздар мен кулинарлар ең талғампаз гурмандардың да тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді!
Need Help - заңгерлік компания
Біздің міндетіміз – адамдарға қолжетімді заң көмегін көрсету ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білікті заңгерлік кеңес ала алады. Біз құқықтық және қаржылық салдардан сақтануға көмектесеміз, біліммен қаруландырып, алға бастар жолдарды көрсетеміз
өнім өндіру, сақтау және өңдеу
Түркістан облысындағы өзіміздің "Керуен Products" өндірістік базамыздың арқасында біз өнім өндіру, сақтау және өңдеу саласында серіктестерімізбен белсенді ынтымақтастық орнаттық. Керуен Products қолайлы жерде орналасқан, өзіне тиесілі теміржол тұйығы мен эстакадасы бар
әрқашан жоғары деңгейде
неліктен дәл біз?
мол тәжірибе
терең білім
қызметтердің кең тандауы
Біздің басшылық
Садыков Абай Маслахатович
Бақылау кеңесінің төрағасы
Садыков Абай Маслахатович – «Керуен» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы.Ол мұнай-газ және банк салаларында мол басқарушылық тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Қазақойл, ҚазТрансОйл, ҚазТрансГаз және Қазақстан Халық Банкі сынды ірі компанияларда басшылық қызметтер атқарған. Оның жетекшілігімен еліміздің түрлі салаларында ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылды.Мемлекеттік қызметте жүрген кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің әртүрлі құрылымдарын басқарды, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарды.Садыков А.М. — екі жоғары білім иесі (экономика және заң), Юриспруденция ғылымдарының кандидаты (РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы). Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.
Асминкин Тимур
Бас директор
Асминкин Тимур — «Керуен» ЖШС-де 2008 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істейді.2018 жылдың мамыр айынан бастап Бас директор қызметін атқарып келеді. Еңбек жолын 2004 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ-да бірінші санатты заңгер ретінде бастаған. Жобалау және құрылыс, комплаенс-бақылау салаларында кәсіби тәжірибесі мол. Әділет жоғары құқық мектебінің магистратурасын бітірген, құқық магистрі дәрежесіне ие