Катарға іскерлік сапар

Керуен компаниялар тобының Байқаушы кеңесінің төрағасы, Абай Маслахатұлы Садыков мырза, Дохаға іссапар барысында, біздің елімізге инвестиция салуға мүдделі, атап айтқанда, барлық аймақтарда халықаралық мектептер мен Керуен – Medicus емханалар желісінің құрылысына, компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Осы сапар аясында Sidra Medicine емханасына барды. Емхана жақында салынған және оның құрылысына 8 млрд долларға жуық жұмсалды! Әрине, емхананың көлемі, оның жабдықтары және мүмкіндіктері таңғалдырады. Олар әлемнің ең үздік мамандарын жұмыс істеуге шақырды. Аса күрделі аурулары бар науқастарға бағытталған және түрлі бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға, әртүрлі мамандықтарға біздің дәрігерлердің Sidra Medicine емханасында тәжірибе алуға, ынтымақтастық туралы шартқа Біз қол қоюға келістік. Осы сапарды ұйымдастырғаны үшін, Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі елшілігіне алғысымызды білдіреміз! Біздің еліміздегі медицина деңгейі де осындай биіктерге жетеді деп армандаймыз!

kr-reqcall__icon БІЗБЕН ХАБАРЛАСУ