
Қазіргі таңда, компания медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қонақүй бизнесі және кейтеринг іс-шараларын ұйымдастыру сияқты Қазақстандық экономика салаларында ұсынылған.
Қазіргі таңда, компания медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қонақүй бизнесі және кейтеринг іс-шараларын ұйымдастыру сияқты Қазақстандық экономика салаларында ұсынылған.
"Керуен" компанияларының қарқынды өсуі оның қызмет салаларының әрдайым дамуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, компания медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қонақүй бизнесі және кейтеринг іс-шараларын ұйымдастыру сияқты Қазақстандық экономика салаларында қызмет етеді.
Садыков Абай Маслахатович «Керуен» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады. Банк және мұнай-газ салаларында мол тәжірибесі бар, сонымен қатар, «Қазақойл» және «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» және «Қазақстан Халық Банкі» компанияларында басшылық лауазымын атқарған. Оның басшылығымен экономиканың түрлі салаларында ауқымды жобалар іске асырылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер Министрлігінің түрлі құрылымдарына басшылық етті, сонымен қатар Ақтөбе қаласының Әкімінің қызметін атқарған. Садыков А.М. экономика және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, заң ғылымдары кандидатының (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы) дәрежесі бар. Қазақстан Республикасының «Құрмет» Орденімен марапатталған.
Тимур Асминкин «Керуен» ЖШС-нің Бас директоры лауазымына 2018 жылдың мамыр айынан бастап тағайындалды. «Керуен» компаниясында 2008 жылдың шілде айынан бастап қызмет атқарады. Өзінің еңбек жолын 2004 жылдың қыркүйегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 1-санатты заң кеңесшісі қызметінен бастады. Тәжірибесі мол, өз білімін жобалау мен құрылыс, комплаенс-бақылау саласында қолдануда. Заң магистрі дәрежесіне (“Әділет” құқықтық жоғары мектебі – Заңтану Академиясының магистратурасы) ие.
2010 жылдан бастап Керуен ЖШС-нде қаржы жөнінде басқарушы директор қызметін атқарады. Осыдан бұрын Bartec Engineering компаниясында қаржы бақылаушысы қызметін атқарды. 2007-2009 жж. аралығында Bateman Kazakhstan Oil and Gas CO. Компания филиалында Қашаған жобасы бойынша қаржы менеджері болып жұмыс істеді. Найля Бұлдыбаева ханым Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.